• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Атырауда электораттың 97,75 пайызы өз таңдауын жасады

217 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 26 сәуір. Атырау облысында сайлаушылардың бюллетенін санау жүріп жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Атырау облысында тіркелген 304 593 сайлаушы 232 сайлау учаскесінде дауыс беруі тиіс болатын. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Тамара Аман-Тұрлинаның айтуынша, кешкі сағат 20:00-дегі мәлімет бойынша 297 728 сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерді. Бұл барлық сайлаушылардың 97,75 пайызын құрайды. «Қазір өңірдегі барлық сайлау учаскелерінде бюллетеньдерді санау басталып кетті», – деді Тамара Аман-Тұрлина. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.