Биыл Ұлытау облысы блогерлері арасында тұңғыш рет әлеуметтік желідегі «Үздік материал» конкурсы ұйымдастырылды.
Конкурсқа барлығы 32 қатысушыдан 53 өтінім түсті.
Әртүрлі номинациялар бойынша:
«Үздік Reels» - А. Боранбаев;«Үздік фоторепортаж» - Н. Құлмағанбетов Нұрқанат;«Үздік паблик» - Za_rulem_Zhezkazgan;«Үздік подкаст» - А. Болысбекова;«Үздік инстаграм блогер» -А. Жақиянов;«Tik Tok жұлдызы» -Д. Прлепесов;«Үздік дрон түсірілімі» -Б. Әбдіғалиев;«Үздік Фейсбук блогері» -С. Оңғарбаева,А. Токишова , А. Рахметова атанды.
Конкусрқа белсенді қатысқаны үшін А. Жүзжасарова, А. Ғалымжанов, А. Қаратай, Н. Аймағамбетова, Д. Бекмағанбетов, Б. Жүнісовке Алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табысталды.
Марапаттау салтанатында облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Мұхан блогерлерді құттықтап, оларға шығармашылық табыс тіледі.
— Қоғамның тыныс-тіршілігін, оның оңы мен солын көрсетуде блогерлердің орны ерекше. Әрі жедел, әрі нақты ақпарат, хабар таратудағы еңбектеріңізге әрқашан сәттілік тілеймін —деді ол.
Абдолла Дастан, "Egemen Qazaqstan" Ұлытау облысы.