• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Тамыз, 2024

Биыл 32 су нысаны мемлекетке қайтарылды

139 рет
көрсетілді

Елімізде 2024 жылдың басынан 32 гидротехникалық құрылыс коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Министрліктің хабарлауынша, аталған 31 суару каналы мен 1 бөгет Жамбыл облысында орналасқан. Қазіргі уақытта еліміздің басқа өңірлеріндегі су шаруашылығы нысандарын республикалық меншікке қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Министрлік еліміздің су инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмысты бастады. Мысалы, Президенттің тапсырмасы аясында 2030 жылға дейін су шаруашылығы нысандарын салу және реконструкциялау бойынша кешенді жоспар әзірленді. Жоспарда 44 су қоймасын салу, 76 гидротехникалық құрылысты, 5321 шақырымнан астам ирригациялық жүйені қайта жаңарту, сондай-ақ 3230 тік дренажды ұңғыма бұрғылау көзделген. Бүгінгі таңда 114 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.