• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 17:45

«Мен ойлағандай болмады». Сәкен Бибосынов Олимпиадаға қатысты пікір білдірді

27 рет
көрсетілді

Бокстан 51 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғау үшін Парижге аттанған Сәкен Бибосынов Олимпиадаға қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Токио - 2020 Олимпиадасының қола медаль иегері бірінші кездесуінде түрік Самет Гюмюшті айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға шыққан еді. Ширек финалда отандасымызды өзбекстандық Хасонбай Дусматов күтіп тұрды. Бір-бірінің қыр-сырына қанық екі боксшының жекпе-жегінде көрші ел боксшысының қолы көтерілді. 

Париж Олимпиадасындағы жарыс жолы осылай өрбіген Сәкен Бибосынов ел намысын қорғағаны үшін бақытты екенін жазды. 

«Арман…. Мақсат… Жеңіс… Токио Олимпиадасында қола медаль алғанымда, Париж Олимпиадасында қайтсемде алтын алып, мақсатыма жетемін деп ойладым, сол үшін осында келдім. Осы Олимпиаданы асыға күттім. Еліме алтын сыйлағым келді. Көк туымызды көкте қалықтағанын, әнұранымыздың шырқалғанын қаладым. Бәрі сіз бен мен ойлағандай болмады. Шаршы алаңға шыққан спортшының бағы мен бабы келісіп қатар шабуы керек екен. Бабымда болдым деп ойлаймын. Кішкене сәттілік жетіспей, бағым жанбай қалған сияқты. Дегенмен, Аллаға сансыз шүкір, тағдырыма қазақтың намысын қорғау бақыты жазылған екен.Мені жеңісте де, жеңілісте де қолдаған жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Жылы лебіздеріңіз үшін рахмет», деп жазды Сәкен Бибосынов.