• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Тәуелсіз байқаушылар Маңғыстаудағы сайлауды жоғары бағалады

284 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 26 сәуір. ТМД миссиясынан келген тәуелсіз байқаушылар Маңғыстаудағы сайлауды жоғары бағалады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Байқаушылар бұл туралы журналистермен кездесуінде баяндады. Олар таңертең сайлау басталысымен кәрі-жасы аралас 30-40 адамның келіп тұрғанын, біреулердің отбасымен келгендігін қызыға айтты. Сондай-ақ, мейірбан маңғыстаулықтардың ыстық ықыласына риза болған байқаушылар сайлау барысынан ешқандай кемшілік байқамағанын айтумен қатар, «кейбір мәселелерді сіздерден үйренуге болады. Оларды біз Ресейге ұсыныс ретінде алып бара жатырмыз», деп ағынан жарылды. Байқаушы Антон Гуденко көптеген сайлауларда сайлаушылар тізімі мен дауыс санауда қате олқылықтар болатынын, ал сайлау барысында Ақтауда тізімнен қате шықпағандығын алға тартты. «Бұл менің Қазақстанда сайлауда алғашқы болуым емес және барлық уақытта сіздерде сайлау жоғары деңгейде өтеді. Бюллетень толтырғанда қай жерге қандай белгі қоямын деген секілді қарапайым сұрақтардың өзі болмайды», - дейді Антон Гуденко. Маңғыстау облысында кезектен тыс президент сайлауын байқауға ЕҚЫҰ-нан 12, ТМД миссиясынан 9 байқаушы келген. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz Сурет: lada.kz