• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:50

Балқашта көпқабатты тұрғын үй өртенді

28 рет
көрсетілді

Балқашта  «Қоңырат» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үй өртеніп, салдарынан отыз адам баспанасыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анықталғандай, тұрғын үйдің сегіз пәтері отқа оранып, 700 шаршы метрді шарпыған.  Зардап шеккен тұрғындар жоқ, бірақ  30 отбасы баспанасынан айырылған. Қазір олар уақытша №3 мектеп интернатқа орналастырылған.

Сонымен қатар әр отбасыға әкімдіктен бір мемлекеттік мекеменің басшысы бекітілген. Сондай-ақ балаларды сауықтыру лагерлеріне, зейнеткерлерді шипажайға жіберу мәселесі қарастырылып жатыр.

«Өрт салдарынан 8 пәтерлі тұрғын үйдің бүкіл алаңында ағаш шатыр мен шатыр жабыны құлады. Өрттің алдын ала себебі − электр сымдарының қысқа тұйықталуы», деп хабарлады құтқарушылар.