• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 15:31

Елімізде алғаш рет әскери журналистика мамандығы оқытылады

36 рет
көрсетілді

Биыл алғаш рет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында жаңа мамандыққа қабылдау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл мамандық «Әскери істегі журналистика және қоғаммен байланыс» деп аталады. Құжаттар 2024 жылдың 10 тамызына дейін қабылданады.

Қажетті құжаттар:

Аттестат / диплом + қосымша (түпнұсқа және көшірме); Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме); ҰБТ сертификаты; Жеңілдіктер мен квоталарды растайтын сертификаттар (түпнұсқа және көшірме); Фото 3х4 – 6 дана; 063/у нысанындағы медициналық анықтама (көшірмесі); 075/у нысанындағы медициналық анықтама.

Айта кетейік, шығармашылық емтиханға мотивациялық және проблемалық эссе жазу, сұхбат жүргізу кіреді. Ал арнайы пәндер бойынша оқу процесі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өтеді.