• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Олимпиада 07 Тамыз, 2024

Олимпиаданың күміс және қола жүлдегерлерін ел құрметпен қарсы алды

135 рет
көрсетілді

Қазақстан қоржынына тарихи жүлделер салған Нариман Құрбанов пен Александра Ле, Ислам Сатпаев елге оралды. Оларды Алматы әуежайынан туыстары, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері ыстық ықыласпен қарсы алды, деп жазады Egemen.kz.

Елімізге тарихи жеңіс сыйлаған спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының «күміс» жүлде иегері Нариман Құрбанов пен нысана көздеуден араға 28 жыл салып, «қола» жүлдеге ие болған қос отандасымыз Александра Ле мен Ислам Сатпаевқа жиналғандар зор құрмет көрсетті.Спортшылар өз кезегінде ел намысын қорғаған сындарлы сәтте қолдаусыз қалдырмаған халыққа алғыс айтты. Естеріңізге салсақ, Нариман Құрбанов Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда жоғары нәтижеге қол жеткізіп, күміс медальға қол жеткізді.Ал, нысана көздеуден ел қоржынына 1996 жылдан бері алғашқы жүлдені сыйлаған отандастарымыз Александра Ле мен Ислам Сатпаев Париж Олимпиадасының «қола» жүлдесін жеңіп алды.