• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2015

Алматы облысында сайлау күткен деңгейден көрінді

261 рет
көрсетілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 26 сәуір. Алматы облысында Қазақстан  Республикасы президенттігіне үміткерлерді  сайлауға халықтың қатысу белсенділігі жоғарылап, мәдениеттіліктің үйлесімді әрі жарасымды  түрі  көрсетілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл  - қуана құптарлық жайт. Бүгін 26 сәуір күні таңғы  сағат  7.00-де Алматы облысы бойынша 883 сайлау учаскесі сайлаушыларға есіктерін айқара  ашты. Міне,  сағат  20.00-де облыс  бойынша сайлауға  қатысатындығы анықталып, тіркелген 945 708  сайлаушылардың  931 333 сайлаушылары, яғни 98,48 пайызы дауыс  берді. Елдің бұл сайлауға деген белсенділігінің артуы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайының  жақсарғанын және халықтың саяси белсенділігінің көтерілгендігін көрсетті. Қарапайым халықтың арасында  облыстық сот жүйесі қызметкерлерінің бірге жүріп, құқықтық мәдениеттерінің жоғары екендігін көрсете  білгені де көңілдерге қуаныш сыйлады. Нұрбол  Әлдібаев. Дерек, сурет: egemen.kz