ТАРАЗ. 26 сәуір. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау Жамбыл облысында ұйымшылдықпен өтті. Өңір тұрғындары аталған науқанда асқан белсенділік танытты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыстағы 461 сайлау учаскесіне ел күні бойы ағылып жатты. Осынау жандардың қуанышты жүздерінен бұл саяси науқанның жауапкершілігін сезініп, оған тың дайындықпен келгенін байқадық.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, өңірдегі сайлаушылардың 97,31 пайызы өз таңдауын жасап, дауыс берген.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz.