• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 11:00

Елдос Сметовтың әлемдік рейтингтегі орны анықталды

95 рет
көрсетілді

Дзюдошы Елдос Сметов 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алғаннан кейін Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) әлемдік рейтингіндегі орны айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов бірден 17 сатыға көтеріліп, бесінші орынға тұрақтаған.

Қытайлық Тайбэйден келген Ян Юнвэй көш бастап тұр, Франция өкілі Лука Мхеидзе мен грузин дзюдошысы Гиорги Сардалашвили үшінші орында. Төртінші орын испандық Франсиско Гарригосқа тиесілі.

Олимпиадалық турнирде Елдос Сметов үздік бестіктің үш спортшысынан, атап айтқанда, ширек финалда Ян Юнвэйді, жартылай финалда Франсиско Гарригосты және финалда Лука Мхеидзеден басым түсті.

Еске сала кетейік, Елдос Сметов Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен болатын.