Астана қаласында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында 5 діни радикал ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Тергеу нұсқасы бойынша, олар террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында терроризмді насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға және адамдарды тартуға қатысқан.
Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қолған түскендердің екеуі бұрын кісі өлтіру, тонау және бұзақылық үшін сотты болған. Тағы біреуі бұрын лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға қатысқаны анықталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық кодекстің 174, 256, 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.