• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2015

ҮКІМЕТ

285 рет
көрсетілді

Қазақстандық делегация дүниежүзілік форумға қатысты Таяуда Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сапархан Омаров басқарған еліміздің делегациясы Берлин қаласына жұмыс сапарымен барып, «Жасыл апта» халықаралық жәрмеңкесі шеңберінде өтетін дәстүрлі Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумына қатысты. Қазақстандық делегация құрамына министрліктердің және «ҚазАгро» ұлттық компаниясының басшы қызметкерлері кірді. Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрі Кристиан Шмидттің төрағалығымен өткен форумның аясында ұлттық азық-түліктің, тағам өндірісінің, ауыл шаруашылығының, агроөнеркәсіптің даму секторларының және т.б. қауіпсіздігіне қатысты мәселелер талқыланды. Қазақстандық делегация Берлинге сапары барысында Германияның азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің үкіметтік статс-хатшысы Роберт Клоспен, Моңғолияның ауыл шаруашылығы министрі Радиа Бурмаамен және басқа ресми тұлғалармен екіжақты кездесулер өткізді. Сонымен қатар, «GWE-Group», «CLAAS» неміс компанияларының басшыларымен ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді. Берлинде биылғы 80-ші «Жасыл апта» жәрмеңкесінде 70 елдің 1650 көрме экспонаттары ұсынылды. Әлемнің барлық құрлықтарынан келген 70 ауыл шаруашылығы министрлері және шетелдік делегация санының едәуір өсуі есесінен биылғы жәрмеңке шетел қатысушыларының саны бойынша 1926 жылғы рекордтан озып шықты. «Егемен-ақпарат».