• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Олимпиада 08 Тамыз, 2024

Азамат Дәулетбеков пен Мейрамбек Қартбай ширек финалға шыға алмады

60 рет
көрсетілді

Еркін күрестен Париж Олимпиадасының жүлдесіне таласуға аттанған отандастарымыз Азамат Дәулетбеков пен Мейрамбек Қартбай ширек финалға шыға алмады, деп жазады Egemen.kz.

Еркін күрестен әлем рейтингінің көшбасшысы Азамат Дәулетбеков (86 кг) Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде америкалық Аарон Маркел Бруксқа жол берді.Енді Аарон ширек финалда Алжир немесе Жапония палуанымен күш сынасады. Егер америкалық финалға шықса, отандасымыз жұбаныш белдесуінде күреседі.

Сонымен қатар 57 келіде боз кілемге шыққан Мейрамбек Қартбай да алғашқы айналымда жеңіске қол жеткізе алмады. Ол Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында қырғыз палуаны Бекзат Алмаз Уулудан жеңілді. Есеп қарсыластың пайдасына тіркелді: 1-4. 

Бұл жұптың үздігі енді ширек финалда АҚШ немесе Қытай спортшысымен өзара мықтыны анықтайды.

Соңғы жаңалықтар