Бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары қала аспанында әскери ұшақтардың ұшуын тамашалады. Олардың неге пайда болғанын Мемлекеттік күзет қызметі түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желілерде астаналықтар әскери ұшақтар бейнеленген видеоларын бөлісіп жатыр. МКҚ баспасөз қызметі мәліметінше, бұл Су-30СМ истребительдері.
Анықталғандай, ұшақтар қоғамдық және саяси оқиғаларға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
«Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізуге байланысты 7-10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелерінде көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі», деп хабарлады МКҚ-нің баспасөз қызметі.