• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Тамыз, 2024

Қарағанды облысында қыздарын тұншықтырып өлтірген әйелге сот үкімі шықты

48 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында екі кішкентай қызын тұншықтырып өлтірген 20 жастағы келіншек 20 жылға сотталды. Ал тірі қалған бір жасқа толар-толмас нәрестесі Балалар үйіне өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

КТК телеарнасы жазғандай, ол тұңғышын 16 жасында босанып, одан кейін тағы екі бала тапқан, кейінгі уақытта басқа ер кісімен азаматтық некеде болған. Екеуі Теміртау іргесіндегі Гагарин ауылында тұрған.

4 сәуірде ері жұмысымен қалаға кеткен. Соттағы түсініктемелеріне сәйкес, ол тамақ сұрап жылай берген екі және төрт жастағы қыздарын тыныштандырмақ болған. Төсекке жатқызып, үстіне көрпе жауып тапжылтпай басып отырады.

"Жылағанын қойғанда ашсам, өліп қалыпты" деп ақталған. "Байқаусызда болды" деп жазаны жеңілдетуді сұрады, бірақ оның істегені "Қасақана кісі өлтіру" бабына жатқызылды. Тіпті емізулі баласы бар екені де жазаны жеңілдеткен жоқ.

- Жасөспірім балалары болса, бұл - қылмыстық жазаны жеңілдететін жағдай. Алайда ҚР Жоғарғы сотының тиісті нормативтік қаулысына сәйкес, егер қылмыс өзінің жасөспірім баласына қатысты жасалса, қылмыстық жазаны жеңілдететін мән-жайға жатқызылмайды. Ол "байқаусызда өлтірдім" деп отыр, бірақ оның қасақана өлтіргені жөнінде кінәсі іс материалымен, сараптама қорытындыларымен дәлелденді, - деді Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының төрағасы Бекзат Шалғымбаев.