8 тамыз күні кешке Ақтөбе қаласында жаңбыр жауып найзағай ойнаған. Сол уақытта далаға шыққан ер адамның үстіне найзағай түсіп, қайтыс болды, деп жазады Egemen.kz.
«Мой город» порталының хабарлауынша, қаза болған адам жергілікті зауыттардың бірінің жұмысшысы болған.
Кешкі астан кейін сыртқа шыққан ер адамның үстіне найзағай түскенін әріптестері терезеден көріп, жедел жәрдем шақырған.
Алайда Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы 36 жастағы ер адамның жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін жан тапсырғанын анықтап, үстіне найзағай түскеннен кейін қайтыс болғанын растады.