• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Олимпиада Бүгін, 12:02

Брейкингтен Әмір Закировтың қарсыластары анықталды

25 рет
көрсетілді

9 тамыз күні Олимпиада бағдарламасына жаңадан қосылған брейкингтен сайыс басталады. Бұл спорт түрінен ел намысын Әмір Закиров қорғайды, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін брейкингтен жеребе тартылды. Ұлттық құрама спортшысы Әмір Закиров Париж Олимпиадасын D тобында бастайды.Отандасымыз ертең кешке Menno (Нидерланд), Billy (Марокко) және Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен белгілі спортшымен шеберлік байқасады. Ал отандасымыз халықаралық деңгейде B-boy Amir атымен танылған.Брейк-данстан ерлер сайысы ертең кешке басталып, түнде аяқталады.