Оқиға 09 Тамыз, 2024

Шымкентте базар өртенді

159 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 11 шамасында Шымкенттің Тұран ауданында орналасқан базар өртенді, деп жазады Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт 12:30-да оқшауланғанын хабарлады. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына ТЖМ-ға қарасты мекемелердің жеке құрамынан 140-қа жуық адам, 50 бірлік техника жұмылдырылған.

Қызыл жалын 500 ш.м. аумақты шарпыған. Базардағы 8 киім дүкені мен асхана өртенген.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар