АСТАНА.12 маусым. Бүгін Әзербайжан астанасы – Баку қаласында Бірінші Еуропа ойындары басталды. Бұл туралы Sputnik хабарлады.
Ойындар синхронды суда жүзу спортымен тізгін босатты. Ал түнде Ойындардың ашылу салтанаты өтетін болады. Оған Еуропаның көптеген елдерінен мәртебелі меймандар келіп жатыр. Салтанатқа қатысатындар арасында Беларусь президенті Александр Лукашенко, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов, Черногория президенті Филип Вуянович, Сербия президенті Томислав Николич, Сауд Арабиясы ханзадасы Абдаллах ибн Мусаад ибн Абдулазиз, Монако кінәзі Альбер II, Люксембург ұлы герцогы Анри, Австрия парламентінің екінші президенті Карлхайнц Копф, босния және Герцеговина президиумының төрағасы Младен Иванич, Латвияның бұрынғы президенті Валдис Затлерс бар. Бакуге сондай-ақ Халықаралық Олимпиялық комитеттің президенті Томас Бах, Болгария премьер-министрі Бойко Борисов, Қырғыз Республикасы премьер-министрінің орынбасары Тайырбек Сарпашев, Чехия парламенті депутаттар палатасының төрағасы Ян Хамачек келді.
Әзербайжан астанасы Еуропада алғаш рет өткізілгелі тұрған Ойындарды өткізу құрметін 2012 жылғы желтоқсан айында жеңіп алған еді.
Мұнда спорттың 20 түрі бойынша жарыстар өтеді. Олардың 16-сын жарыстың олимпиялық түрі құрайды.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: Sputnik.