• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 17:37

Алматы маңындағы тау өзеніне ер адам батып кетті

4 рет
көрсетілді

Оның денесін Республикалық жасақтың (ҚР ТЖМ РЖҚЖ) жедел-құтқару жасағы судан шығарды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі РЖҚЖ мәліметінше, Алматы облысындағы Қаскелең шатқалында орналасқан Қаскелеңка өзенінің маңында 63 жастағы ер адам отбасымен және достарымен демалып жатқан. Суға түсуді ұйғарған адамды таулы өзеннің қатты ағысы алып кетті.

Кейінірек ер адамның денесі апат болған жерден бір шақырым жерде табылды.

Мәйіт полицияға тапсырылды.