• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2015

Халықаралық ұйыммен ықпалдастық артпақ

244 рет
көрсетілді

Кеше Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫЖД) Бас хатшысы Анхель Гурриа 2015-2016 жылдарға арналған Елдік ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру туралы Қазақстан Үкіметі мен ЭЫЖД арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Бағдарламада реформалар жүргізу, сондай-ақ, Қазақстанның әлеу­меттік-экономикалық дамуы­ның шешуші салаларында ірі жобаларды жүзеге асыру қарасты­рыл­ған. Елдік бағдарлама Қазақ­станның ЭЫЖД-ның бірқатар қарарлары мен ұсыныс-кеңестеріне қосылуына, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына атсалысуына мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы мен ЭЫЖД арасындағы екіжақты ын­ты­мақтастық елдің мемлекеттік басқару жүйесі, білім беру, ден­саулық сақтау, жұмыспен қамту, фискальдық саясат салаларындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасап, іскерлік ахуалды жақсартады. Қазақстан ЭЫЖД алғаш рет Елдік ынтымақтастық бағдарламасын бірлесіп әзірлеген төрт елдің бірі болып отыр. Елдік бағдарламаны жүзеге асыру 2050 жылға қарай әлемнің не­ғұрлым дамыған 30 елінің қатарына қосылу жөніндегі ұзақмерзімді мін­детке қол жеткізу үшін Қазақ­­станның ЭЫЖД елдерінің озық тәжі­рибелерін енгізуге деген ұм­тылысын айғақтайтын екіжақ­ты қарым-қатынастардың страте­гия­лық маңызды сатысы болып та­бы­лады, деп атап өтті Кәрім Мә­сі­мов қол қою қорытындысы бой­ынша. Өз кезегінде, Анхель Гурриа да қол қойылған құжаттың маңыз­ды­лығын атап көрсетті. Қазақстан Еуропа мен Азияның қиылысында стратегиялық тұр­ғы­да орналасқан, Орталық Азияда эко­номикасы көш бастаушы ел болып табылады. Мен Елдік бағдар­ламаны жүзеге асырудың оң әсері­нің реформаларға және өңірдегі өзге елдерге пайда әкелетініне сенімдімін, деді ЭЫЖД-ның Бас хатшысы.