• RUB:
    4.88
  • USD:
    525.11
  • EUR:
    546.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Тамыз, 2024

Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды

150 рет
көрсетілді

8 тамыз күні Семей қаласының № 2 соты Абай облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Г. Дөненбаеваға қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Сондай-ақ, осы басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р. Садықов және Семей қаласы Полиция басқармасы Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А. Нұрахметова да сотталды.

Олар сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікке ілінген.

«Дөненбаева Нұрахметованы атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықова арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған. Осыған байланысты Дөненбаева 4 жылға, Нұрахметова 3 жылға, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар арнаулы атақтардан және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.