• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 12 Тамыз, 2024

Астана мен Алматыда ауа райы қайта жылиды

136 рет
көрсетілді

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел ордасы Астанада 13 тамызда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 градус жылы.

14 тамызда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус жылы.

15 тамызда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 22-24 градус жылы.

Алматыда 13 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 33-35 градус жылы.

14 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 33-35 градус жылы.

15 тамыз көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 35-37 градус жылы.