• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2015

Өңірлік директорды қабылдады

264 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Респуб­ли­касы Парламенті Сена­тының Төрағасы Қасым-Жо­март Тоқаев Біріккен Ұлт­тар Ұйымы АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдар­ламасының (ЮНЭЙДС) Шығыс Еуропа және Орта­лық Азиядағы Өңірлік дирек­торы Виней Салдананы қабыл­дады, деп хабарлады Сенат­тың баспасөз қызметі. Мейманмен жүздесуде Қ.То­қаев В.Салдананың таяуда осы жау­апты лауазымға тағайындалуы ЮНЭЙДС-тің аймақтағы жұмысын үдетуге ықпал ететініне сенім біл­дірді. Сенат Төрағасының пікі­рінше, БҰҰ-ның 11 ұйымының қыз­метін үйлестіретін ЮНЭЙДС ЖИТС жұқпалы ауруына диаг­ности­ка жасау, алдын алу, емдеу және ақырында жоюды бағдар еткен  әлемнің түрлі аймақтарындағы қызметінде елеулі нәтижелерге қол жеткізді. В.Салдана ЖИТС-пен күрес жөніндегі Қазақстан жүргізіп келе жатқан жұмыстарды жоғары баға­лады және осы көкейкесті мәсе­лені шешуде Парламент пен Үкі­меттің өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. «ЖИТС-пен күресте Қазақстан 2020 жылы Орталық Азия және ТМД-дағы алдыңғы саптағы ел болады деп күтеміз», – деді ЮНЭЙДС-тің Өңір­лік директоры. Ұйым елдегі Ал­маты кеңсесін АИТВ жұқпалы ауруына диагностика жасау, алдын алу, емдеу және мониторинг жүргізу жөніндегі шараларды үйлес­тіру мақсатында Орталық Азия­дағы ресурстық орталық дең­гейі­не дейін нығайтуды жоспарлап отыр. Сенат Төрағасы жүздесушіні елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалмен, Орталық Азиядағы жағдаймен және Парламенттің заң шығару қызметімен таныс­тырды. В.Салдана Президент Н.На­зар­баевтың украин шиеленісін реттеу туралы бастамасы мен оның Астанада «Норманд төрт­тігінің» кездесуін өткізу туралы ұсынысы әлемдік қоғамдастық тарапынан ризашылықпен қабыл алынғанын және ол БҰҰ тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.