ПАВЛОДАР. 12 маусым. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында қауіпті қалдықтарды жағу зауытының құрылысына қарсылық танытуға арналған кездесу өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Онда қала тұрғындардың талабын ескерген Энергетика министрлігінің өкілдері құрылысты басқа қалада салу туралы уәде берді.
Кездесуге «Egis» жобасы өңдеу компаниясы қауіпті қалдықтар басқармасының сарапшысы Филипп Фишо мен Дүниежүзілік банк инвесторының аға экономисті Кейтлин ванн ден Берг, өнеркәсіп және экология саласының мамандары қатысты. Стокгольм конвенциясына сәйкес 2025 жылы Қазақстан топырақ пен суда жиналып қалған қалдықтарды пайдаға жарату керек. Ол үшін ел аумағында қуаттылығы жылына 20 мың тонна қауіпті қалдықты жағатын зауыт жұмыс істеуі тиіс көрінеді. Зауыттың құрылысына қарсы қозғалысты павлодарлық журналистер де қолдайды.
Қоғамдық тыңдау барысында қатысушылар өңір тұрғындарының пікірлерін білу үшін референдум өткізу жөнінде ұсыныс айтты. «Павлодар облысы азаматтық альянсы» қоғамдық бірлестігінде 20 мыңнан астам тұрғын қол қойған құжат бар.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz