• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:16

Әлеуметтік желіде құмар ойын ұйымдастырғандар 4 жылға сотталды

37 рет
көрсетілді

Елорданың екі тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде құмар ойындарын ұйымдастырып, жүргізгені үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.

Алдын ала сөз байласу адамдар тобымен кінәлі тұлғалар «TikTok» әлеуметтік желісінде жалпы сомасы аса ірі мөлшерде 34 млн теңгеден астам табыс табумен «Зарик» атты құмар ойын өткізген.

Анықталғандай, ойынның шарты тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдауы қажет. Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өткен.

Ойын нәтижесінде бәс тігудің жеңімпазы 3 ойын текшесін айналдыру арқылы анықталған. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанған.

«Сот үкімімен Астана қаласының екі тұрғыны  Қазақстанның ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін әрқайсысы 4 жылға бас бостандығынан айырылды», делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.