Қаскелең қаласының маңына жұмыс іздеп Өзбекстаннан келген төрт қандасымыз құлдықтан құтқарылды.
Қандай жұмыстан болса да тартынбай, қалайда қаражат табуды ғана ойлаған жандар әуелі алдауға түсіп, сосын шарасыздықтан күнкөрістерін күйттеп, айлар бойы тегін жұмыс істеген. Нақтылай түссек, құлдықтың қамытын киген.
«Адамды еркінен тыс еңбек етуге мәжбүрлеуге қатысты ішкі істер органында тіркелген дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, процессуалдық шешім қабылданды», дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Жанар Төлегенқызы.
Жалпы, өткен жылы облыс аумағында адамдарды заңсыз түрде бостандықтан айыруға қатысты еліміздегі ең ірі мегаполис Алматының іргесіндегі аудандарда 14 дерек тіркеліпті.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.