• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Тамыз, 2024

Қарағандыда балаға қол көтерген тәрбиешіге қатысты үкім шықты

75 рет
көрсетілді

Қарағандыда балабақша тәрбиешісі баланың денсаулығына зиян келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балаға дене жарақатын салған балабақша тәрбиешісіне қатысты әкімшілік істі қарады.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылғы 17 мамырда Қарағанды ​​қаласы «Шығыс-2» шағын ауданында орналасқан балабақша тәрбиешісі 2018 жылы туған кәмелетке толмаған баланың денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, дене жарақатын салған. Оқиға балабақшада орнатылған бейнекамераларға түсіп қалған.

Сотта балабақша қызметкері кінәсін мойындап, өкініш білдірді. 

Сот қарағандылық әйелді 4 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.