• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2015

Қызылордада оқушылар кәсіпкерлік саласы бойынша білім алуда (фото)

465 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 маусым. Қызылордада өңірлік Кәсіпкерлік палатасы білім ордаларында «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін толықтай енгізу бағытында жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық білім басқармасы және «Жастар жетістіктер» қоғамдық қоры бірігіп мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулу жобасын іске асыруда. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Өткен оқу жылында жобаның алғашқы кезеңі ретінде №9 мектеп-гимназиясында 5-10 сынып оқушыларына арналған «Кәсіпкерлік негіздері» факультативтік пәні енгізілді. Ал жобаның 2 кезеңінде облыстағы 40 мұғалім «Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша біліктіліктерін арттырды. Сондай-ақ, ұстаздар «Арай-Sunrise» лагерінде ұйымдастырылған «Табыс жолы» атты I жастар фестиваліне қатысты. Айта кетейік, біліктілігін арттырған ұстаздар өз мектептерінде мектеп «компанияларын» ашып, оқушыларды кәсіпкерліктің қыр-сырына үйретуге көшті. Ал аймақ бойынша 23 мектеп компаниясы қатысқан фестивальға «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы мен «Раим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демеушілік жасады. Байқау нәтижесі бойынша жарыс жеңімпаздары болып: І орынға Қызылорда қаласының №9 гимназияның  «Атамекен» мектеп компаниясы, ІІ орынға Жалағаш ауданы № 123 мектептің «Бірлік», ІІІ орынға № 173 орта мектептің «Әдемі-Ай» мектеп компаниялары ие болса, IV орынға М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің «Алтын қол» компаниясы қол жеткізді. Жеңімпаздар дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен, арнайы сертификаттармен марапатталды. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: Қызылорда облысы кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі.