• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тәрбие 15 Тамыз, 2024

Тарихтан тағылым тартқан

110 рет
көрсетілді

Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ұлттық құндылық пен салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы Бурабай ұлттық паркі «Жеті қазына» этноаулында «Кемел жігіт – күйеу бала» атты ұлттық зияткерлік курсын өткізді.

Бүгінгі жас – ертеңгі отба­сы­ның отағасы, ал отбасы Отанымыздың ірге­тасы екені белгілі. Осындай құн­ды­лықты көздеген іс-шара Астана қаласынан бастау алып, Бурабай ұлттық паркінде жалғасты.

Балаларға ұлттық құндылықтар мен тәлім-тәрбиені тереңнен сіңіру мақсатында тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев, археология және этнология магистрі Тұрар Шәкен, педагог-сарапшы, психолог-консультант Жұлдыз Жаңабергенова, ұлттық құндылықтарды дәріптеуші Үсібәлді Сағаділдә сынды тұлғалар дәріс оқыды. Іс-шара екі күнге созылды. Аталған курс барысында «Қабанбай», «Қобыланды», «Алпамыс» атты үш топқа бөлінген 60-қа жуық бала «Қазақ тарихы мен дәстүрлері», «Мақал мәтелдердегі ұлттық тәрбие», «Жігіттің үш жұрты» сынды теориялық және прак­тикалық сабақтарға қатысты.

Теориялық сабақтардан соң, жасөспірімдерге қолға су құю, мал сою, жіліктеу, табақ тарту, самаурын қайнату, атқа міну, садақ ату сынды практикалық дәстүрлі дағдыларға сай сабақтар өткізілді. Мұндай әсерлі әрекеттерден кейін балаларға киіз  үйдің ішіне кинотеатр құрылып, рухани тәрбиелік маңызы бар фильм­дер көрсетілді.

Теория мен тәжірибені ұштас­тыр­ған шараны қорытындылай келгенде, курсқа қатысқан балалар мен ата-аналар ризашылығын білдіріп, «Кемел жігіт – күйеу бала» атты ұлт­­тық зияткерлік курсы жалғасын табуын өтінді.

Аталған шарада әрбір бала рухани азыққа кенеліп, ұлтқа, туған жерге, мәдениетіміз бен әдебиетімізге, тағылымды тарихымызға деген құр­ме­тін арттырғанына сеніміміз мол.