• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2010

Сізді не толғандырады?

727 рет
көрсетілді

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА МОРАЛЬДЫҚ ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Рамазан Сәрпеков пен Гүлмира Исімбаева Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевқа сауал жолдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Сауалда былай делінеді: “Бір-екі күннен соң мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру рәсімі өтетіні белгілі. Соңғы кезде ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша 1-2 балл жетпей қалған “Алтын белгіге” үміткер оқушылар жайында өзіңізге бірнеше сауал жолдадық, бірақ әлі жауап түскен жоқ. Мәселенің қалай және қашан шешімін табатынын тек біз ғана емес, бізге сенім артып хабарласқан және қабыл­дауымызда болған ата-аналар да күтіп отыр. Көпшілікті қатты ойландырып отырған мәселе – мектепте 11 жыл бойы тек үздік оқыған оқушының бірыңғай тестің қоры­тындысы бойынша бір “төрт” деген бағаға бола “Алтын белгі” тұрмақ, ерекше (қызыл) аттестатқа ие бола алмауы. Ал, 10-11 сыныпты ғана үздік оқыған оқушыға мұндай аттестат бе­ріледі. Біздің ойымызша, мұндай жағдай – “Алтын белгіге” үміткер болған оқушы үшін әділетсіздік. Олар материалдық дүние сұрап отырған жоқ, тек еңбектеріне сәйкес жоғары дәрежедегі аттестатқа қол жеткізуді қалайды. Мәселе осылай шешілген жағдайда мұның үлкен өмір жолына қадам басып, алдына зор үміт қойып отырған үздік оқушыларға моральдық қолдау болатыны сөзсіз. Сондықтан 1 сыныптан бастап тек қана үздік оқуды мақсат етіп, ерекше білім деңгейімен даярланып келген “Алтын белгіге” ұсынылған оқушыларға қолұшын беруге кім де болса міндетті деп есептейміз. Уақыттың тығыздығына байланысты осы мәселеге тезірек көңіл аударып, қабылдаған шешім жайында жазбаша түрде хабар беруіңізді сұраймыз”.