Алматыда қоғамдық көлік тағы да жол жиегіндегі аялдамаға соғылды, деп жазады Egemen.kz.
Қалалық полиция №7 тролейбус Сейфуллин көшесінің бойындағы аялдамаға соғылғанын мәлімдеді.
Жол-көлік оқиғасы Алмалы ауданында болған.
«Троллейбус жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта жүріп келе жатып, Мақатаев көшесіне жетпей аялдама кешеніне соғылды. Апат салдарынан бір жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Оқиғаның басқа мән-жайларын Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтайды», делінген қалалық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.