• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2015

Атырауда оқушылардың неден уланғаны анықталды

271 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 23 қаңтар. Атырау қаласына таяу орналасқан «Жұмыскер» елді мекеніндегі И.Тайманов атындағы мектеп оқушыларының неден уланғаны белгілі болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Кеше, яғни, 22 қаңтарда Атырау қаласына қарасты «Жұмыскер» кентіндегі И.Тайманов атындағы мектептің 21 оқушысы мен бір қызметкері улану диагнозымен ауруханаға жатқызылған болатын. Осыған орай «Оқушылардың бірі бірінші қабаттағы киім ілетін бөлмеге газ баллонынан бүркіген. Соның салдарынан жоғары сыныптардың 21оқушысы мен бір қызметкері аэрозольдық газға улану белгісімен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетілді. Жансақтау бөліміне бір де бір оқушы, бір де бір қызметкер түскен жоқ. 22 қаңтар күні 18:00 сағата 18 оқушы ауруханадан шығарылды. Үш оқушы әртүрлі шағыммен  дәрігерлердің қарауында қалдырылды», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. «Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушылардың бірі әуестікпен газ баллонын бүріккенін мойнына алды», деді Атырау қаласы білім бөлімінің жетекшісі Нұрсәуле Сайлауова. Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов оқиға орнына, сонымен бірге ауруханаға барып, зардап шегушілердің жағдайымен танысты. Жауапты органдарға өңір оқушыларының арасында осындай өрескел оқиғаға жол бермеудің алдын алуды тапсырды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: i-news.kz.
Соңғы жаңалықтар