• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 12:53

Президент Қосшыдағы мектеп-гимназияға автобус сыйлады

18 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласындағы мектеп гимназияға сый тарту етті, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін Президент Қосшы қаласындағы мектеп-гимназиямен танысты.

Мемлекет басшысы роботты техника, мобилография, автомобиль жүргізуді виртуалды үйрену, шет тілі кабинеттерін, мектеп кітапханасын аралап көріп, ұстаздармен және оқушылармен әңгімелесті. Мектепке сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев  өзінің «Әке туралы ой-толғау» кітабын және Қазақстанда шығарылған автобус сыйға тартты.