АСТАНА. 23 қаңтар. Ресей Федерациясы мен КХДР өкілдері алдағы аптады іскерлік кеңесін құрады. Бұл туралы РФ шығысты дамыту министрлігінің сайтына сүйенген «Аргументы и факты» хабарлады.
Қиыр Шығысты дамыту жөніндегі министр Александр Галушка осының алдында Ресей компанияларының КХДР жеріндегі жобаларын жүзеге асыруларына арналған кеңес өткізді. Жиынға Ресей сыртқы істер министрлігі мен экономикалық даму министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Солтүстік Кореяда жұмыс жүргізу жоспарлары бар компаниялар басшылары қатысты.
«Біз 2014 жылы осыған байланысты өте қауырт жұмыстар жасадық. Ол іс жүзінде дайындық кезеңі болды. Біз үшін енді дайындық кезеңінен бұрын қол жеткен келісімдерге сай нақтылы істерге көшуіміз керек», - деп атап өтті министр.
Галушка сондай-ақ бизнесмендерге Ресей Федерациясының КХДР-дағы елшісі Александр Мацегораны таныстырды. «КХДР-дағы әрбір жоба күн сайын бақылауда болады. Елшілік тарапынан талап етілетін кез келген көмек көрсетілетін болады», - деп сендірді елші.
Мұрат Айтқожа.
Дерек, сурет: Аргументы и факты.