• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Денсаулық 17 Тамыз, 2024

Салқындатқышты үнемі қолданудың адам ағзасына қандай зияны бар?

269 рет
көрсетілді

Алматы №36 қалалық емханасының дәрігері Балжан Жақсылық салқындатқышты үнемі қолданудың адам ағзасына қандай кері әсері болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

- Жоғары температура әсіресе жүрек ауруы, қант диабеті және тыныс алу проблемалары сияқты созылмалы аурулары бар адамдар үшін қауіпті. Ыстықта олардың жағдайын мұқият бақылау керек. Ыстық ауа райы кезінде дене терлеу арқылы көп ылғалды жоғалтады. Сондықтан суды жеткілікті мөлшерде ішу арқылы ылғалдандыруды сақтау өте маңызды, - деді дәрігер.

 Ауа баптағыштың теріс әсерінің алдын алу үшін маман кеңесі:

- Желдеткішті 5-7 градустан аспайтын айырмашылықпен қосу ұсынылады. Өйткені үлкен градустық айырмашылық иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда суық тиюді және созылмалы аурулардың өршуін тудыруы мүмкін. - Желдеткіш жұмыс істеп тұрса да, таза ауаны қамтамасыз ету және шаң мен бактериялардың концентрациясын азайту үшін бөлмені жиі желдету қажет. - Желдеткіш ауаны құрғатады. Сондықтан су ылғалдандырғышты қолдану не үйге су құйылған ыдыстарды қою ұсынылады. - Гипотермия немесе суық тиюді болдырмау үшін суық ауа ағынын тікелей өзіңізге бағыттамаңыз. Ауаны шетке немесе жоғарыға бағыттаған дұрыс.