Алматыдағы "Асылтау" тұрғын үй кешендерінің бірінде әйел адамды күйеуі ұрып өлтірген. Бұл туралы 17 тамызға қараған түні "НеМолчиKZ" қорына хабарлама түскен, деп жазады Egemen.kz.
Қор мәліметінше, әйел ғимараттағы 14-15 қабаттарды жинап, тазалықшы болып жұмыс істеп жүрген. Сағат 17:00-де тұрғын үй кешенінде полиция мен жедел жәрдем келді.
- Біздің Алматыдағы тұрғын үй кешенінде тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірді. Бұл сұмдық. Біздің елде әйелін ұрып-соғып өлтіру сәнге айналған сияқты. Қылмыскерді қолға түсірген секілді. Әйелдің бір қызы бар, жасы 45-те еді. Мен оны күнде көретінмін, сондай ұқыпты еді. Екі үйдегі 14-15 қабатқа дейін тап-таза етіп, жинап шығатын, – деп жазды тұрғындардың бірі.
Алматы полиция департаменті қайғылы оқиғаны растап, іс қозғалғанын мәлімдеді.
- Алматы полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деді полиция департаменті.