Біз бүгін осы сайлауда еліміздің болашағы, тұрақтылығы және мемлекетіміздің әрі қарай дамуы үшін дауыс беруге келдік. Біз, қазақстандықтар, елдегі тұрақтылық пен əл-ауқатты қамтамасыз етіп отырған саяси бағыттың əрі қарай жалғасуын қалаймыз. Бүгін біздің əрқайсысымыз елдің одан әрі нық дамуына өз үлесімізді қосатын боламыз.
Қазір әлем экономикасының күрделі жағдайды бастан кешіп отырғанын есепке алатын болсақ, осы қазіргі күннің маңызды екенін түйсіне түсеміз. Сондықтан біз жетістік пен орнықты дамуды қамтамасыз еткен стратегиямызға, болашағымызға сенеміз.
Ал біздің Ұлттық банк – қаржы реттеушісі ретінде елдегі қаржы секторының орнықты дамуына қатысты аса ірі жұмысты ойдағыдай жүзеге асырып келеді. Инфляция деңгейін 6-5% шамасында сақтау үшін арнайы іс-шараларды жүргізіп жатырмыз. Қазір Ұлттық банктің алтын-валюта қоры артып келеді.
Міне, біздің елде жүргізіліп отырған және осы сайлаудан кейін жүргізілетін саясат осы шаралардың барлығының жүзеге асуына кепілдік береді.
Қайрат КЕЛІМБЕТОВ,
Ұлттық банк Төрағасы.