Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында қазақстандық таеквондошылар ешбір жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.
Федерация басшысымен бірге вице-президенттер Қанат Сағынаев, Шадияр Кондыбаев, Арман Шылманов және бас хатшы Олжас Бесбаев та қызметтерінен кетеді.
Осыған дейін Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін Қазақстан бокс федерациясы бапкерлер құрамын таратқан болатын.