Ақмола облысында болған екі ауыр жүк көлігінің соғысуы салдарынан оқиға орнында бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жол-көлік оқиғасы 17 тамыз күні Ақмола облысының Алексеевка кентінің жанындағы көпірде болған.
Апат орнынан түсірілген кадрларда жүк көлігінің қатты зақымданғаны байқалады. Ауыр соққыдан жүк көлігінің кабинасы жұлынып кеткен.
«Апат салдарынан көлік құралдарының бірінің жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.