• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:45

Алматы облысында өзенге құлаған экскаватор жүргізушісі құтқарылды

18 рет
көрсетілді

Алматы облысы Райымбек ауданында экскаватор өзенге құлап кеткен, деп жазады Egemen.kz.

Экскаватор жүргізушісі қатты жауын-шашын салдарынан көлікті басқара алмай өзенге аударылып кеткен. 

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамды арнайы саты арқылы қауіпсіз жерге шығарды. 

1972 жылы туған зардап шегуші медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

«Көпірге жеткенде нөсер құйып, алда не бары көрінбей қалды. Салдарынан Баянкөл өзеніне аударылып кеттім. Техниканың кабинасынан әзер шығып, үстіне көтеріліп көмек шақырдым. Райымбек ауданы құтқарушылары дер уақытында келіп аман алып қалды. Құтқарушыларға алғысымды айтамын», деді жәбірленуші.