• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жоба 20 Тамыз, 2024

«Қарызсыз қоғам» студенттердің сауатын арттырады

121 рет
көрсетілді

Тараз қаласындағы Техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру аясында облыс орталығындағы колледждер педагогтеріне арналған 3 күндік оқыту семинары ұйымдастырылды. Колледж студенттерінің қаржылық сауатын арттыру мақсатында қолға алынған бұл іс-шарада облыстың 72 педагогі білімін толықтырды.

Жалпы, «Қарызсыз қо­ғам» жобасының жүзе­ге асуына банк сек­­торының тұтынушылық несиемен тым әуестеніп кеткенінің салдары итермелеп отыр. Халықты банктің шырмауынан шығарып, қаржылық сауаттылыққа жете­лей­тін мұндай жоба жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әді­лет­ті Қазақстанның эконо­ми­калық бағдары» атты Жол­да­уында ерекше атап өткен еді. Себебі банктер елге шектен тыс несие үлестіруі салдарынан қаржы жүйесін титықтатқан сын-қатер көбейіп, азаматтардың қарызға белшесінен батуы­на әкеп соққан еді. 2019 жылы Президент шешімімен 500 мың азаматтың кепілсіз несиесі ке­шіріліп, қаржылық тығы­рық­қа тірелген тұлғалардың банк­рот­тығы жарияланған. Бірақ бұл күрделі жағдайды түбегейлі рет­темеді.

Ахуалды біржола түзеу үшін тың жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін айтқан Президент былтырғы Жолдауында азамат­тардың қаржылық сауатын арт­тырудың маңыздылығына ел назарын аударып, «Amanat» пар­тия­сының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өткен-ді.

Жоғарыда аталған Тараздағы семинарда Техникалық және кәсіп­тік білімі дамыту орта­лы­­­ғының әдіскері Асима Пернебае­ва, «Amanat» партиясы об­лыс­тық филиалы төрағасының орын­­басары Уәлихан Болатбек, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңір­лік университеті «Қаржы және есеп» кафедрасының мең­­герушісі, экономика ғы­лым­­дарының кандидаты Айгүл Молдабекова Жол­дауда айтылған мақ­сат-мін­дет­терге тоқталып, өз тәжі­ри­белерімен бөлісті. Жиында сөз алған Уәлихан Болатбек сананы тұрмыс билеген бүгінгідей қоғамда азаматтардың қаржылық сауатты болғаны дұ­рыс деген пікірді алға тартты.

«Биыл жоба аясында тұр­ғындардың қаржылық сауатын арттыру мақсатында 8 500 адамды оқытуды жоспарладық. Бүгінге дейін 7 мыңға жуық тұрғынның қаржылық сауатының артуына үлесімізді қостық. Енді жоба­ның келесі кезеңіне өтеміз. Яғни оқушылар мен студенттер оқытылады. Осы мақсатта 4 педагог Астана қаласында білі­мін жетілдіріп келіп, оқу орын­да­рының ұстаздарын оқытуды бастады. Бұл мамандар жаңа оқу жылынан білімгерлерге қаржылық сауаттылық курстарын жүргізеді», деді Уәлихан Болатбекұлы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинардың бірінші кезеңінде 36 адам оқытылса, келесі кезеңінде де сонша педагог білімін жетілдірмек. Ал семинарға қатысушылар пікір алмасу кезінде қаржыны тиімді басқарып, жалпы шығындарды есептеп, жүйелеуді, алаяқтық әрекеттердің белгілері мен схемаларын және олардан құтылу жолдарын үйреніп, қаржылық сауа­тын арттыра алғанын жет­кізді.