• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Тамыз, 2024

«Атырау» жаяу жүргіншілер көпірінен көлікпен жүріп өткен тұрғын жазаланды

80 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Т.-ға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анықталғандай, құқық бұзушы орталық демалыс саябағында орналасқан «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірінен  мемлекеттік нөмірсіз көлікпен жүріп өткен.

Сот отырысында Т. кінәсін толық мойындап, көлікті жаяу жүргіншілер көпірінде басқару туралы досымен бәстескенін мойындаған.

«Жасалған әрекеттің сипатын, кінәлінің жеке басын, оның құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, істің мән-жайын ескере отырып, көпірдегі жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген адамды тәрбиелеу мақсатында, сондай-ақ жаңа құқық бұзушылық жасауға жол бермеу мақсатында, соттың қаулысымен Т. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», делінген сот хабарламасында.

Сот мұндай әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасағанын және әрекетіне өкінетінін жеңілдететін мән-жайлар деп таныған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.