Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік осал топтағы балаларға қаржылай қолдау көрсетіліп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мемлекет тарапынан әлеуметтік осал санаттағы 510 мыңнан астам балаға киім, мектеп керек-жарақтарын, кеңсе тауарларын сатып алу үшін қаржылай қолдау көрсетіледі.
Министрлік мәліметінше, бүгінге дейін «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан 423 мыңнан астам баланың ата-анасының есепшоттарына 17,3 млрд теңгеден астам қаражат аударылған.