Бүгін Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Жылыту маусымына дайындықты қарау қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрліктерге бірқатар тапсырма жүктеді.
Энергетика, Өнеркәсіп министрліктеріне өңір әкімдіктерімен бірге жылу көздері мен жылу желілерінде жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқтау тапсырылды.
Ал Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, өңір әкімдіктері қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің толық дайындығын, ал 15 қазанға дейін денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қоры объектілерінің әзір болуын қамтамасыз етуі тиіс.
«Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау министрліктері де бұл мәселені бақылауға алсын. Көлік министрлігі, Қазақстан темір жолы компаниясы және өңір әкімдіктері бекітілген кестеге сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір мен мазут көлемін уақтылы жеткізу бойынша шаралар қабылдасын. Әлеуметтік көмірді бизнес субъектілеріне сатуға жол беруге болмайды. Бұл көмір халыққа сату үшін бағытталуы шарт», деді Олжас Бектенов.