Дзюдодан 66 келіде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев алдағы спорттық мансабына қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Спортшы Олимпиададан кейін күреске шабыты ашыла түскенін айтты.
«Шынымды айтсам, Олимпиададан кейін күреске деген шабытым ашылды. Кішкене демалған соң, ірі додаларға қайта дайындала береміз.
Олимпиада медалі мен үшін аса құнды медаль. Орны ерекше. Олимпиадалық ауылда тұрған соң, жүлдегер атанғаным қатты білінбеген. Өйткені бәрі медаль алып жатыр ғой. Елге оралған соң, халық сый-құрметін көрсетіп жатыр.
Қазақстан дзюдо тарихында атым қалып, кішігірім ерлік жасағанымды енді түсініп жатырмын», деді Ғұсман Қырғызбаев Ұлттық Олимпиадалық комитетке берген сұхбатында.