• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Тамыз, 2024

Әлемнің ең қарт тұрғыны дүниеден өтті

101 рет
көрсетілді

Жер бетіндегі ең қарт адам деп есептелетін испания тұрғыны Мария  Браньяс Морера 117 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы X (Twitter) әлеуметтік желісінде марқұмның отбасы мәлімдеген.

Мария өмірден озар алдында ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашамыз деген үмітпен зерттеушілер жүргізген ғылыми сынақтардан өтуге келіскені белгілі.

Әйел 1907 жылы Сан-Францискода бубонды обаның екінші толқыны қызып тұрған шағында дүниеге келген. Кейінірек, 1915 жылы ол Испанияға көшіп кеткен. Өзінің 117 жасына дейін Мария бубонды обадан, екі дүниежүзілік соғыстан, испан тұмауының пандемиясынан, Испаниядағы азаматтық соғыстан және Ковид-19-дан аман қалды. Ол 1976 жылы қайтыс болған күйеуі Джоан Моретпен бірге өсірген жалғыз ұлының өлімін көрген.

БАҚ оның өмірінің соңғы күндеріне дейін сергек болғанын және есін жоғалтпағанын жазады.

Күні кеше ол өзін әлсіз сезінген және отбасынан қайтыс болған кезде жыламауды өтінді. Сондай-ақ ол «қайда жүрсе де» бақытты болатынына уәде берді.