• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2015

Ақтауда Фаризаны еске алу кеші өтті

351 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 23 қаңтар. Ақтауда белгілі ақын, халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынқызын еске алуға арналған «Сендер барда жырым бар» атты кеш өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға өлкедегі өнер адамдары, ақындар мен қала тұрғындары, жастар қатысты. Мектеп оқушылары Ф.Оңғарсынова өлеңдерін мәнерлеп оқыса, белгілі ақындар Светқали Нұржанның, Оңайгүл Тұржанның және ізбасар іні-сіңлілерінің өлеңдері оқылды.   Өңір өнерпаздары – күйші Р.Айдарбаева, әншілер Асқар Көшеров, Сәбит Шектібаев Фариза сөздеріне жазылған және Фаризаға арналған әндерді орындады. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет egemen.kz.