• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Тамыз, 2024

Цифрландыру үдерістері сараланды

98 рет
көрсетілді

Облыс орталығы Семей қаласында «Digital Abai: жаңа замандағы білім беру» атты тақырыпта педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Онда білім беру ұйымдарында атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, жаңа оқу жылына дайындық мәселелері пысықталды. Биылғы жиын­да өңірдің білім беру жүйесін цифрлық трансформациялауға басымдық берілді. Пленарлық сессия барысында цифрлық көрме ұйымдастырылып, онда студенттер мен оқушылардың стартап-жобалары, STEAM-білім беру саласындағы әзірлемелер, сондай-ақ оқыту үшін жайлы және қауіпсіз цифрлық ортаны құрудың жаңа жобалары ұсынылды.

Пленарлық сессияға білім беру ұйымда­рының педагогтері мен басшылары, психологтер, әдіскерлер мен әдістемелік ка­бинеттердің меңгерушілері, жергілікті атқарушы орган­дар­дың өкілдері, еңбек арда­гер­лері қатысып, олар цифрлан­дырудың үрдістері мен білім беру саласында жасанды интеллектіні қолдану туралы өзекті мәселелер қозғалды.

Абай облысы білім басқар­масының басшысы Нұржан Ах­метқалиев білім беру жүйе­сіндегі цифрландырудың маңы­зына тоқталды.

– XXI ғасыр – цифрлық технология дәуірі. Қазір елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемле­кеттік бағдарламасы аясында көптеген жұмыс жүргізіліп жатыр. Ел экономикасында да цифр­ландыру маңызды рөл атқарады. Сон­дықтан оқушылардың цифр­лық дағдыларын дамыту мақ­сатында бірқатар іс-ша­ра іске асырылды. Сонда да цифрлық технологиялар мен құ­ралдарды тиімді пайдалану ар­қылы білім беру ұйымдарының жұмысын жетілдіру жөнінде нақты ұсы­ныстар керек, – деді ол.

Пленарлық сессия барысында білім беруді цифрландыру саласындағы жетекші сарапшы­лар баяндама жасады. Мә­селен, Оқу-ағарту министрлігі Ы.Ал­тын­сарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім маз­мұны институтының директоры, PhD Сейфолла Смайылов «Цифр­ландыру жағдайында орта білім бе­рудің сапасы мен қол­жетімділігін арттыру» тақы­рыбын қозғаса, «EdCrunch» жаңа білім беру технологияларының негізін қалаушы әрі бағдарламалық директоры Нұрлан Қиясов жасанды интеллектінің жетістіктерін сөз етті. Ал «Steam.kz» жобасының негізін қалаушы Айдын Түсіп­жанов «STEAM-білім беруді дамыту мүмкіндіктерін» талқы­лап, «Ustem robotics» қорының халық­аралық қатынастар депар­таментінің директоры Нұрлыбек Нұржанов «Цифрлық трансформация жағдайында педагогтер мен білім алушыларға қо­лайлы орта қалыптастыру ма­ңыздылығы: жетістіктер мен жеңістер» атты тақырыпта баяндама жасады. «Abai it Valley» технологиялық кластерінің директоры Бауыржан Наурызбаев Абай облысының студенттері мен оқушыларының стартап-жобаларын дамытудың мүмкіндіктері мен алғашқы нәтижелері туралы баяндады.

Тамыз кеңесі аясында «Мек­­­­тепке дейінгі білім беру­дегі инновациялар», «Жасан­ды интеллектіні орта білім беру жүйесіне инте­грация­лау», «Тех­никалық және кәсіп­тік білім беру жүйе­сіндегі цифр­ландырудың қазіргі басым­дықтары», «Ауылдық мектептерде оқыту процесін цифр­ландыру» секілді тақырыптарға бөлінген сек­ция отырыстарына қатысқан мамандар өз жұ­мыстарын қоры­тындылады.

Сондай-ақ келелі кеңесте 2023–2024 оқу жылының қорытындысы бойынша Абай облысындағы үздік білім беру ұйымдары мен педагогтері марапатталды. Айталық, Аягөз ауданының қалалық қазақ мектеп-лицейіне – 28 млн теңге, Семей қаласындағы №16 Төлеубай Аманов атындағы ЖОББМ – 10 млн теңге, Жарма ауданы Георгиевка орта мектебі – 10 млн теңге, Бесқарағай ауда­нындағы Канонерка орта мектебі – 10 млн теңге және Ақсуат ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебіне 10 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақы табыс етілді. Сонымен қатар білім саласындағы жоғары жетістіктері үшін Оқу-ағарту министрлігінің Алғысхатына 22 мұғалім ие болды. Оқу-ағарту министрлігінің қосымша білім беру ісінің үздігі дипломын Жарма ауданы Өнер мектебінің жоғарғы біліктілік санаттағы хореография мұғалімі Данара Рахимбаева иеленсе, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі Ақсуат ауданындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Эрнс Адилхановқа берілді. Бұған қоса Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен 8 педагог, «Еңбек ардагері» медалімен 4 пе­дагог, «Ы.Алтынсарин» төс­­бел­гісімен 3 педагог марапатталды.

 

Абай облысы